«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Агрономия» мамандықтарының студенттері кәсіпорындарға барып, заманауи технологиялармен, жабдықтармен, еңбек жағдайларымен және болашақ мамандарға қойылатын талаптармен танысты.
Жұмыс тобы жұмыс берушілер арасында кадрларға деген қажеттілік, сұранысқа ие кәсіби дағдылар және түлектердің құзыреттеріндегі тапшылық мәселелері бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері бойынша «Жұмыс берушінің талаптары» картасы әзірленді. Бұл карта өндірістің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, студенттерді даярлау сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.








